Корпоративтік акселерация

Сипаттамасы

Бәсекеге қабілеттілік, үнемдеу немесе қосымша пайда, жаңа өнім және өткізу нарықтары — әрбір корпорацияның негізгі міндеттері. Табысқа қол жеткізуге жаңа технологиялар мен өндірістік және бизнес-процесстерді цифрландыру көмектеседі.

Алайда, нарықта бар дайын шешімдер, әдетте, қымбат және әр кәсіпорынның ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді.

Tech Garden сізге арнап әзірленген технологияларды енгізудің ең жылдам және икемді механизмін ұсынады: корпоративтік акселерация.

Артықшылықтары

Автоматтандыру және цифрландыру жобаларын тәжірибе жүзінде жылдам әзірлеу және жедел тестілеу

Сіздің бизнесіңіздің нақты міндеттеріне дәл сәйкес келетін типсіз шешім алу мүмкіндігі

Автоматтандыру мен цифрландыруды енгізуге жұмсалатын қаражатты үнемдеу

Жаңа өнімдер мен қызметтерді іске қосу арқылы кірістердің өсуі немесе шығындардың төмендеуі

Кезеңдері

  • 1

    Tech Garden сарапшылар тобы мен кәсіпорын өкілдері мониторинг жүргізеді және автоматтандырылуы немесе цифрландырылуы мин-да болатын учаскеле

  • 2

    Кәсіпорын технологиялық міндетті қалыптастырады.

  • 3

    Tech Garden өз шешімін ұсынатын стартаптардың «айналымын» жинайды.

  • 4

    Ең өзекті шешімдер акселерациядан өтеді.

  • 5

    Тапсырыс беруші компанияның сарапшылары ұсынылған шешімдерді бағалайды да, ең үздігін таңдайды.

  • 6

    Тапсырыс беруші компания әзірлеушіге жобаны пилоттау үшін өз алаңын ұсынады.

  • 7

    Tech Garden әзірлеушіге жобаны пилоттық енгізу және мінсіз өнімге дейін жетілдіру үшін қаржыландыру ұсынады.

  • 8

    Соңғы кезең: стартап әзірлемесін тапсырыс беруші компанияның өндірісіне технологиялық енгізу.

Шарттары

Акселерация республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Tech Garden дербес кластерлік қоры оператор болып табылады.

Акселерация құрамына әзірлеуші топты оқыту, технологиялық шешімді жетілдіру, әлемдік деңгейдегі сарапшылардың кеңестері, сценарийлерді модельдеу және әсерін тестілеу кіреді.

Дайын шешімді сынау Тапсырыс беруші кәсіпорынтарапынан оның технологиялық алаңында жүргізіледі.

Шешімді сынақтан өткізіп, толық пысықтағаннан кейін Тапсырыс беруші кәсіпорын:
— жоба қызметтерінің коммерциялық тапсырысы;
— штатқа қызметкерлерді жалдау;
— жоба технологиясын сатып алу;
— жобаны бизнес ретінде сатып алу.