Жобаларды 1% ЖЖТ (ЗНҚ) есебінен қаржыландыру

Жобасы жайлы

Tech Garden Қазақстан нарығында жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпорындары мен стартаптардың/инновациялық компаниялардың өзара іс-қимылының жаңа үлгісін дамытуда. Осы үлгі негізінде жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттемелерінің аясында өндіріс процесстерін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын «ИТП» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландырады, бұл инновациялық белсенділіктің өсуіне және жоғары технологиялық ШОБ-тың дамуына алып келеді.

Tech Garden жер қойнауын пайдаланушылардың «ИТП» инновациялық кластерінің жобаларын қаржыландыру бойынша міндеттемелерінен ЖЖТ–ның кемінде 1% мөлшерінде (2018 жылдан бастап-өндіруге арналған шығындар) нысаналы қор қалыптастырады.

Жұмыстың артықшылықтары

ҒЗТҚЖ-ны дербес қаржыландыру кезінде орындау мерзімін 3-6 айға қарағанда 1 айға дейін қысқарту

ҒЗТҚЖ-ны дербес қаржыландыру кезінде орындау мерзімін 3-6 айға қарағанда 1 айға дейін қысқарту

Жобалар мен орындаушыларды таңдауды кеңейту

Жобаларды орындаудағы және ақша қаражатын жұмсаудағы транспаренттілік

Жобалардың орындалуына мониторинг жүргізу және шарттың барлық талаптарын қатаң сақтау

«ИТП» АКҚ арқылы ҒЗТҚЖ-ны іске асыру Tech Garden аса тиімді, өйткені АКҚ есептілік, жобаларды іздеу және іріктеу бойынша міндеттерді өзіне алады

Енгізудің әсері

904 млн тг

Бюджетке салықтардың түсуі

6,2 млрд тг

Түсімге экономиканың тигізетін әсері

11% экономия

Электр энергиясы, пайдалану және т.б.

Заңнамалық база

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін АКҚ-мен жұмыс рәсімін түсіндіру

Жүктеу, docx , 13,4 КБ кб

Бекітілген сараптама ережелері

Жүктеу, pdf , 109,4 КБ кб

Сараптама қағидаларына қосымшалар

Жүктеу, doc , 48 КБ кб