Қаржыландыру рәсімі
Өзара әрекеттесу процесі
Жобаларды іріктеу тәртібі
Қаржыландыруға жобаларды іріктеу басқарушы комитет 2015 жылғы 12 қыркүйекте бекіткен «ИТП» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларына сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жобаларды сараптау 3 кезеңде жүргізіледі:
Өтініш берушілер ұсынған, Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды Қордың қабылдауы.
«ИТП» АЭА қатысушыларының бірыңғай тізіміне енгізілген «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушы-заңды тұлғалардың тізбесінде көрсетілген жобалар тізімінен жер қойнауын пайдаланушылардың жобаларын алдын ала іріктелуі.
Сараптама комиссиясының отырысында жобаларға сараптама жүргізу және жобаларды қаржыландырудың орындылығы мен орынсыздығы туралы сараптама қорытындысын беру.
Қағидалардың 5-тармағына сәйкес жобаларға сараптама жүргізу үшін Өтініш беруші қорға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
- Жобаларға сараптама жүргізуге өтініш (жүктеу);
- Мынадай ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба (еркін нысанда): теориялық және/немесе қолданбалы зерттеулердің аяқталуы, жобаның өнеркәсіптік үлгісі, демонстрациялық модельді әзірлеу сатысына көшуге дайындығы немесе жобаның прототипі (болған жағдайда); технологияның жаңалығы немесе тиісті патенттік зерттеулермен расталған ең үздік әлемдік аналогтарға сәйкестігі, зияткерлік меншікке құқық иеленуі және/немесе авторлығы
- Қор бекіткен нысан бойынша жобаның паспорты (жүктеу).