Орталықтың міндеттері:
1. Металл ұнтақтарын өндірудің пилоттық желісін құру:
- Талдамалық және маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың шикізатына(Қарағанды облысындағы) ҒЗТҚЖ жүргізу.
2. Металл ұнтақтарын халықаралық нарықта сертификаттау:
- Металл ұнтақтарын тәжірибелі өндіру;
- Технологиялық интеграция және трансферт.
3. Металл ұнтақтарын өндіру зауытын салу және іске қосу:
- Металл ұнтақтарын өнеркәсіптік өндіру;
- ҚР-да аддитивті өндірісті масштабтау;
- Кадрларды оқыту, қайта даярлау.
4. Индустрия 4.0:
- Қосылған құны жоғары кәсіпорын құру.
Орталықтың мүмкіндіктері:
Аддитивті машина жасау үшін металл ұнтақтары мен қорытпаларының экспорттық ұлттық базасын дамыту (микроұнтақтар алу – алюминий және қорытпалар, титан және қорытпалар, никель және қорытпалар, кобальт және қорытпалар, СЖМ және басқалар).
Қазақстандық шикізаттан жасалған 3D ұнтақтар мен қорытпаларды өндіру, оның ішінде технологиялық қалдықтарды қайта өңдеу процесстеріне зерттеулер жүргізу және әзірлеу
Металл ұнтағын өндіру үшін ҚР өнеркәсібінде жаңа перспективті қайта бөлуді құру мақсатында өндірісте пилоттық жобаларды енгізу.
Орталықтың мақсаттары:
Орталықтың негізгі міндеті–инжиниринг пен ҚР өндірісіне аддитивті технологияларды интеграциялау. Металл ұнтақтарымен 3D басып шығару технологиясы жаппай өндірісті өзгертеді.
Көптеген шағын өндірістер тапсырыс пен тұтынушының қалауына қарай қажетті бөлшектер мен бұйымдарды басып шығарады — кастомизация. 3D басып шығару технологиясы Компьютерлік дизайн мен модельдеу кезеңінен бастап әртүрлі және құрылымдық жағынан күрделі бөлшектерді шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ стандартты емес қосалқы бөлшектер болмаған кезде және сол жерде аддитивті технологияларды қолдана отырып дайындау есебінен ұзақ мерзімді жеткізу кезінде жабдықтың авариялық тұрып қалуын қысқартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуетті нарық бойынша жалпы деректер:
МҮМКІНДІКТЕР
Нарықты дамыту және қосылған құнды ұлғайту.
ERG құйма алюминийінің бағасы - $2/кг. Аддитивті алюминий қорытпасының құны $150/кг-дан басталады (сол құйма алюминий қолданылады).
НАРЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Аддитивті технологиялар нарығы 2020 жылға қарай $22 млрд-қа бағаланады, жылдық өсімі 20% (Wohlers Association 2018).
Жүзеге асырылған жобалар
Орталық серіктестері:
Metalysis
Металлдарды және металл қорытпаларын электрохимиялық өндіру технологиясы.
Термолазер
Лазерлік термиялық шыңдау, беттік өңдеу, легирлеу, дәнекерлеу және өңдеудің басқа түрлері саласындағы шешімдер.
Stereotech
Барлық салаларға сәйкес келетін бірегей ұзаққа созылатын өнім шығаруға арналған 5D технологиясы.
Anisoprint
Үздіксіз талшық композиттерін 3D басып шығаруды қолданатын оңтайлы композициялық құрылымдарды өндіру технологиясы.
НДМ
Компания ұсақ метал ұнтақтарын шығаруға арналған жаңа технология мен жабдықты дамыту жобасын жүзеге асыруда.