Орталықтың міндеттері:
Blockchain, Big Data және жасанды интеллект технологиялары негізінде пилоттық жобалар әзірлеу. Орталықтың міндеті алдыңғы қатарлы технологияларды сәйкестендіру, бағыттар бойынша клиенттердің алдында тұрған стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешу үшін оларды қолданудың тың әсерлерін бағалау болып табылады:
- PoC (proof of concept) және POW (Proof of work) жобаларын әзірлеу;
- Blockchain, өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану міндеттеріне арналған үлкен деректер технологияларының базасында шешімдерді пайдалану және әзірлеу бойынша технологиялар трансферті;
- АТ консалтинг (шешімдер жобасын әзірлеу).
Орталықтың мүмкіндіктері
Тақырыптар бойынша АТ компанияларды тарта отырып, зерттеулер жүргізу және прототиптер әзірлеу:
Жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТҚЖ-ны қаржыландыру бойынша міндеттемелерін орындауын автоматтандырудың ашық платформасы (1% ЖЖТ/ЗНҚ)
ТКМ саласы үшін жеткізілімдерді қадағалау және жеткізу тізбегін басқару платформасы
Blockchain технологиясын пайдалану арқылы Қазақстан аумағындағы зергерлік бұйымдарды есепке алу
Жер қойнауын пайдаланушылар мен транспорттық компанияларға арналған пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің/шығыс материалдарының шығу тег
Кәсіпорындардың ТКМК шаруашылық қызметін басқарудың бірыңғай платформасы
Орталықтың Мақсаттары
Озық халықаралық тәжірибені талдау
Оның Қазақстандағы тиімділігін бағалау
Одан әрі ашық нарыққа өткізу үшін технологиялық шешімдерді прототиптеу, бұл ҚР-да АТ бизнесті одан ары дамытуға мүмкіндік береді
Қазақстандық АТ компаниялары үшін орталық оқыту, консалтинг және жобаларға бірлесіп қатысу мүмкіндігі сияқты бірқатар қызметтерді ұсынады