Жобаларды 1% ЖЖТ (ЗНҚ) есебінен қаржыландыру
Жобасы жайлы
Tech Garden Қазақстан нарығында жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпорындары мен стартаптардың/инновациялық компаниялардың өзара іс-қимылының жаңа үлгісін дамытуда. Осы үлгі негізінде жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттемелерінің аясында өндіріс процесстерін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын «ИТП» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландырады, бұл инновациялық белсенділіктің өсуіне және жоғары технологиялық ШОБ-тың дамуына алып келеді.
Tech Garden жер қойнауын пайдаланушылардың «ИТП» инновациялық кластерінің жобаларын қаржыландыру бойынша міндеттемелерінен ЖЖТ–ның кемінде 1% мөлшерінде (2018 жылдан бастап-өндіруге арналған шығындар) нысаналы қор қалыптастырады.
Жұмыстың артықшылықтары
ҒЗТҚЖ-ны дербес қаржыландыру кезінде орындау мерзімін 3-6 айға қарағанда 1 айға дейін қысқарту
ҒЗТҚЖ-ны дербес қаржыландыру кезінде орындау мерзімін 3-6 айға қарағанда 1 айға дейін қысқарту
Жобалар мен орындаушыларды таңдауды кеңейту
Жобаларды орындаудағы және ақша қаражатын жұмсаудағы транспаренттілік
Жобалардың орындалуына мониторинг жүргізу және шарттың барлық талаптарын қатаң сақтау
«ИТП» АКҚ арқылы ҒЗТҚЖ-ны іске асыру Tech Garden аса тиімді, өйткені АКҚ есептілік, жобаларды іздеу және іріктеу бойынша міндеттерді өзіне алады