«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қор

Біздің миссия:

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялауда қолдау және цифрлық технологияларды белсенді енгізуді ынталандыруға арналған экожүйе құру.

Мақсатымыз:

Қаржылық және операциялық артықшылықтарға ие болу үшін жаңа технологияларды белсенді енгізіп жатқан «маяк» кәсіпорындарының – нарық көшбасшыларының (ММК, МГС, машина жасау және т.б. кәсіпорындары пулының ~20%) шектік көлеміне қол жеткізу.

Tech Garden брендімен жұмыс істейтін «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорын Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы 10 қазандағы № 1087 қаулысымен құрды.

Қор өз қызметін 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырады.

Заңға сәйкес, АКҚ Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.

АКҚ Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес білім беру, ғылыми–зерттеу және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін біріктіретін жоғары технологиялық инновациялық кластерді («Ұлт Жоспарының» 63-қадамы шеңберінде) қалыптастырады.

2022 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша Инновациялық кластер индустриялық-инновациялық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінің 300 субъектісін біріктіреді.

 

Инновациялық кластерді дамытудың негізгі бағыттары:

1

Бірлескен кәсіпорын нысанында технологияларды, жоғары технологиялық өндірістерді және зертханалық кешендерді дамыту орталықтарын құру үшін зәкірлік халықаралық компанияларды (ТҰК) тарту (50% қоса қаржыландыру)

Бес орталық құрылды:

Intellisense-LAB цифрлық өнеркәсіп орталығы (Индустрия 4.0)

Жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік процесстерін оңтайландыру үшін өнеркәсіптік автоматтандыру мен цифрландырудың технологиялық платформасы (ММК, МГС, энергетика, транспорт) шығындарды қысқарту және өнімділікті ұлғайту мақсатында жасанды интеллектті пайдалана отырып шешімдер жасауға мүмкіндік береді.

Толығырақ ▶ 

«BIM+ зертханасы» құрылысты цифрландыру орталығы

Құрылыс объектілерін жобалау және пайдалану кезеңінде BIM (Building Information Modeling) технологиясын енгізу және объектілерге техникалық қызмет көрсету мен пайдалануды автоматтандыру үшін азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс секторларында «Заттар интернеті» және Big Data ілеспе технологияларын қолдану жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған.

Толығырақ ▶ 

Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар орталығы

Металл ұнтақтарын өндірудің, оның ішінде Қазақстанның ММК қалдықтары мен үйінділерін өңдеуге арналған озық технологиясын трансферттеуді жүзеге асырады. Орталықтың негізгі міндеті — инжиниринг пен ҚР өндірісіне аддитивті технологияларды интеграциялау. Металл ұнтақтарымен 3D басып шығару технологиясы жаппай өндірісті өзгертеді.

Толығырақ ▶ 

Зияткерлік жүйелер орталығы

Орталық бизнес-процесстердің реинжинирингі негізінде жер қойнауын пайдаланушылар мен сервистік компаниялардың, барлық салалардағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, логистикалық және теміржол операторларының Blockchain, Big Data және жасанды интеллект технологиялары негізінде жаңа АТ технологияларды интеграциялау, прототиптеу және пайдалануды түсіну мәселелерін шешеді.

Толығырақ ▶ 

Индустриялық даму орталығы

Цифрлық бастамаларды іске асыру және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.

Толығырақ ▶ 

 

2

Startup Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасы шеңберінде технологиялық компаниялардың шектік көлемін құру

Startup Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Tech Garden ДКҚ іске асырылды. Ол шағын және орта бизнес нарығында жоғары технологиялық компаниялардың шектік көлемін құруға бағытталған. Стартаптарды іздеу, акселерация және қаржыландыру: Индустрия 4.0, Жаңа материалдар мен энергетика, Smart City, FinTech сияқты басым бағыттары бойынша жүргізілді. Стартаптарға инвестициялар тарту және қаржыландыру үшін Tech Garden Ventures халықаралық венчурлық қоры құрылды.

Акселерацияның үш толқыны жүргізілді, үш мыңға жуық өтінім қаралып, 990 млн.теңгеге жуық сомаға 96 стартап компания қаржыландырылды.

Барлық стартаптар инвестициялық шартқа қол қойып, Қазақстан Республикасында ЖШС ашты. Ақша осы ЖШС шоттарына аударылды және шарт талаптары бойынша берілген инвестицияларды стартап-компания тек Қазақстанда өз өнімін дамытуға жұмсайды. Әр стартапты қаржыландыру мөлшері 31 мың АҚШ долларын құрады. Бұл стартаптың венчурлық тарихын құратын бастапқы инвестициялар.

Әр команда үш айлық акселерация бағдарламасынан өтті. Акселерация әрбір стартаптың диагностикасын қамтыды, содан кейін оның қазақстандық нарықта дамуының жеке жоспары және мақсатты білім беру бағдарламасы жасалды.

Толығырақ 

3

Корпоративтік акселерация бағдарламасын әзірлеу және іске асыру

Корпоративтік акселерация аясында көшпелі инновациялық турлар:

Компания басшылығы үшін, сондай-ақ өндірістік және бизнес-процесстерді техникалық жаңғырту бойынша шешім қабылдайтын менеджерлер үшін Tech Garden шетелге шығатын турлар өткізеді. 2017 жылы «ИТП» АЭА-ның он компаниясы және 2018 жылы ҚР-ның он корпорациясы АҚШ-тың Кремний алқабында корпоративтік акселерациядан өтті. 2019 жылғы қарашада еліміздің мұнай — газ, тау-кен металлургия және энергетика салаларындағы он компания өкілдері, ИИДМ және Самұрық-Қазына — Оңтүстік Кореяның озық кәсіпорындарында корпоративтік акселерациядан өтті.

Толығырақ 

Корпоративтік акселерация шеңберінде инновацияларды енгізу:

Tech Garden сіздің технологияларыңыздың міндеттеріне сәйкес таңдалған немесе әзірленген технологияларды енгізудің ең жылдам және икемді механизмі, корпоративтік акселерация бағдарламасын ұсынады.  Қысқа мерзімде сіздің кәсіпорныңыздың диагностикасы және міндеттерді қалыптастыру, технологиялық шешімдерді іріктеу, автоматтандыру және цифрландыру жобаларын әзірлеу және жедел пилоттау іс жүзінде жүргізіледі. Кәсіпорында бизнестің нақты міндеттеріне дәл келетін технологиялық шешімге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Акселерация әзірлемелерін енгізу жаңа өнімдер мен қызметтерді іске қосудың арқасында кірістің өсуіне немесе шығындардың азаюына әкеледі.

Толығырақ 

4

Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері есебінен инновациялық жобаларды іске асыру

Tech Garden АКҚ–жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар үшін олардың ЖЖТ/ЗНҚ 1% аудару бойынша міндеттемелері шеңберінде ҒЗТҚЖ-ны іске асыру жөніндегі оператор. Tech Garden жер қойнауын пайдаланушылардың ЖЖТ-ның кемінде 1% мөлшерінде (2018 жылдан бастап-өндіруге арналған шығындар) инновациялық кластер жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінен нысаналы қор қалыптастырады. 2015 — 2020 ж. наурыз аралығындағы кезеңде ҚР жер қойнауын пайдаланушылары ЖЖТ-ның 1%-ын аудару бойынша өз міндеттемелерін орындау аясында АКҚ-мен жалпы сомасы 11,18 млрд. теңге болатын барлығы 119 келісімшартқа отырды. Осы қаражаттан «АТП» инновациялық кластері қатысушыларының жалпы сомасы 8,0 млрд.теңге болатын 120 жобасы қаржыландырылды. Қалған сомаға жер қойнауын пайдаланушылардың технологиялық міндеттерін орындаушыларды тұрақты іздестіру жүргізіледі.

Толығырақ ▶

5

Ақылды индустриялық басқарма платформасын (Smart Industry Management Platform) құру

Smart Industry Management Platform (Ақылды индустриялық басқарма платформасы) — ҚР өнеркәсіптік кәсіпорындарында масштабтау үшін отандық IT-шешімдерінің платформа-супермаркеті.

Платформалардың мақсаты — Қазақстан Республикасының өнеркәсібін цифрландыруға және отандық IT-компанияларды дамытуға жәрдемдесу.

Платформада сапалы IT-шешімдер пулы жиналады, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар өздерінің нақты міндеттерін орналастырады.

Осылайша, «ашық инновациялар» қағидаты бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар Tech Garden құрған Технологиялық даму орталықтарын қоса алғанда, отандық IT-компаниялардың күшімен өз міндеттері үшін ең тиімді шешімдерді тез табады.

Өнеркәсіп тиімді цифрландыру стратегиясын құру үшін ең үздік әлемдік тәжірибелермен танысады және сіз ең жақсысын таңдауға болатын көптеген дәлелденген шешімдерге қол жеткізе аласыз.

IT-компаниялар өз шешімдерін ұсына отырып, бірінші болып өнеркәсіптік кәсіпорындардың міндеттері мен қажеттіліктері туралы ақпарат алады.

Толығырақ ▶