Көшпелі іс-шаралар

Компания басшылығы, сондай-ақ өндірістік және бизнес-процесстерді техникалық жаңғырту бойынша шешім қабылдайтын менеджерлер үшін Tech Garden «Корпоративтік инновациялар» атты шетелге шығу турларын өткізеді. Өнеркәсіптің белгілі бір салаларында инновация көшбасшысы болып табылатын елдерге сапарлар жоғары тиімділікті көрсетті.

Сапар мақсаты

Сапарға қатысушылардың дәстүрлі өндіріске инновацияларды енгізудің жаңа үлгілерін оң қабылдауын қалыптастыруға бағытталған мотивациялық экскурсиялар, кездесулер мен тренингтер.

Бағдарлама

Тур бағдарламасы Индустрия 4.0 элементтерін енгізудің үздік тәжірибесі бар «маяк» кәсіпорындарына баруды қамтиды. Сапар қатысушылардың автоматтандыру мен цифрландыруды енгізудің түрлі процесстерге тигізетін әсерлерін өз көздерімен көру мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, қатысушыларға модернизацияның әдістері, мақсаттары мен нәтижелері туралы тікелей ақпарат алу үшін кәсіпорындардың топ-менеджментімен жеке бейресми байланыс мүмкіндігі беріледі. Инвесторлармен, бизнес-періштелермен кездесулер, озық корпоративтік акселераторлармен, экожүйелермен және технопарктермен танысу.

Сонымен қатар, сапар бағдарламасына корпоративтік инновациялар, ашық әзірлемелер, технологиялық шешімдерді сырттан әзірлеушілермен өзара іс-қимыл бойынша ірі халықаралық іс-шаралардың біріне қатысу, саланың жетекші әлемдік сарапшыларының тренингтері мен семинарлары кіреді.

Аяқталған бағдарламалар

Алдағы іс-шара

2019 жылғы Кореяға көшпелі тур бағдарламасы

  • 24 қараша

    Әуежайда кездесу, қонақ үйге орналасу, қаладағы экскурсия

  • 25 қараша

    Корей даму институтының (KDI) Global Knowledge Exchange and Development Center мастер-классы (GKEDC) Convergence Research Center for Education&Technology, Korea Creative Content Agency(KOCCA) ұйымдастырған KAIST мастер-классы

  • 26 қараша

    LS Industrial systems Samsung D'light инновациялық орталығына сапар

  • 27 қараша

    Tech Garden корпоративтік акселерация және құралдар (ҒЗТҚЖ үшін жер қойнауын пайдаланушылардың 1% ЖЖТ); мастер-классы бойынша Samsung heavy industries ғылыми-зерттеу институтына сапар\Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореядағы елшілігінің Инвестициялар жөніндегі арнайы кеңесшісінің «Оңтүстік Кореямен бизнес жүргізу кезіндегі мемлекеттік қолдау» мастер-классы

  • 28 қараша

    Hyundai Motor Studio-ға экскурсия Kcomeup қатысу/көрікті жерлерге саяхат конференциясы

  • 29 қараша

    Ericsson-LG-ге сапар Smart Factory және өндірісті басқарудағы 5G&AR/VR-ге арналған мастер-класс Korea Venture Investment Corp-қа сапар және Кореяның бизнес періштелері қауымдастығымен кездесу TIPS-ке сапар (технологиялық стартаптарды қолдау экожүйесі)

  • 30 қараша

    Әуежайға жол тарту

2018 жылы АҚШ-қа саяхат бағдарламасы

  • 16 қыркүйек

    Әуежайда қарсы алу, қонақ үйге орналасу, бос уақыт

  • 17 қыркүйек

    Силикон алқабының экожүйесі және корпоративті инновацияны енгізу бойынша. Global Venture Alliance, RocketSpace Capital, Canvass Analytics және Bootup Ventures сарапшыларының шеберлік сабақтары. Силикон алқабының стартаптарымен кездесу. Жеке вилладағы кешкі ас, Силикон алқабындағы инвесторлармен кездесу

  • 18 қыркүйек

    PwC-тен «Blockchain көмегімен жаһандық жеткізушілер тізбегін басқару» мастер-классы. Intel Capital-тің бұрынғы басқарушысының «Стартаптарды инвестициялау экожүйесіне шолу» мастер-классы. 500 Sturtups экскурсиясы, DemoDay-ға қатысу

  • 19 қыркүйек

    RocketSpace Campus-қа сапар. Deloitte LLP Center for the Edge мастер-классы. Стартаптармен әңгімелесу

  • 20 қыркүйек

    Growth Circuit Venture Capital & Accelerator ұйымдастырған мастер-класс. «Startup Power Hour at RocketSpace» іс-шарасына қатысу. Корпоративтік венчурлік қорларға тәсілдемелер мен Қазақстан корпорацияларына арналған мүмкіндіктердің презентациясы (RocketSpace және Tech Garden)

  • 21 қыркүйек

    Google LaunchPad Accelerator-ға экскурсия. Intellisense.io бас директорының «Индустрия 4.0 тауар биржасының өзгеруі» мастер-классы. «IBM Blockchain және Hyperledger Perspective жеткізілім тізбегі» мастер-классы. Startup Temple ТМД елдерінің стартаптарына арналған экожүйеге экскурсия

  • 22 қыркүйек

    Бос күн

  • 23 қыркүйек

    Әуежайға жол тарту