Қазақстандық инженерлер бірегей қосымшаны жасады

Бағдарлама биометриялық талдауды жүзеге асырады, фотосуреттерді, мәтіндер мен белгілерді өңдейді. Ол сонымен қатар алынған деректерді құжаттарға автоматты түрде енгізеді, осылайша уақыт пен адам ресурстарын үнемдейді.

Корпоративтік сектор біздің Verigram стартапымыздың дамуына қызығушылық танытады. Ірі ұялы байланыс операторларының бірі Beeline KZ Verigram технологияларын енгізу компания қызметін қалай жақсартқанын айтты.

Дереккөз