Балалардың қауіпсіздігі жөніндегі қазақстандық жоба 100 мың доллар жинады

Қаржы жеке инвестордан түскен.

Tech Garden Ventures — Kid Security портфолио стартапын 100,000 доллар жеке инвестициямен құттықтаймыз.

Геолокация трекері бар қазақстандық жоба өнімнің технологиялық бөлігін дамытуға және халықаралық нарыққа масштабтау үшін жеке инвестор Талғат Исмаилдан қаражат алды.

Естеріңізге сала кетейік, стартаптың құрылтайшылары мен жасаушылары балаларға ұнайтын мобильді ата-аналық бақылау қосымшасын жасап жатыр. Сервистің ерекшелігі — ойын түрінің элементтерін енгізу, мысалы, баланы оқу жетістіктері үшін ынталандыру және марапаттау жүйесі, эрудиция мен логикаға арналған интерактивті онлайн ойындар.

2019 жылы Kid Security Startup Kazakhstan акселерациясынан өтіп, 20 мың доллар көлемінде алғашқы инвестиция алды.

Толық материалды оқыңыз