Жаңа мүмкіндіктер

Мемлекет басшысы өнеркәсіп пен АТ-индустрия арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуды тапсырды. Бұл цифрлық экожүйені басқара алатын технологиялық платформалар жасайды.

Индустриалды-инновациялық дамудың үшінші бесжылдығында индустрияны цифрландыру мен технологиялық жаңғыртуға ықпал ететін жаңа технологиялардың трансфертіне ерекше назар аударылатын болады.

Осыған байланысты, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ел Президенті белгілеген тапсырманы шешуде: 2025 жылға қарай цифрлық технологияларды енгізген ірі және орта өндіріс кәсіпорындарының санын екі жүзге жеткізу.

Министрлік «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры мен «QazIndustry» АҚ-мен бірлесіп құрылған «Smart Industry Management Platform» технологиялық платформасын қолдана отырып, отандық өнеркәсіптік және ақпараттық технологияларды қолдау бойынша экожүйе құруды жоспарлап отыр.

Индустрия 4.0 технологияларын Қазақстан индустриясына енгізу стратегиясы туралы толығырақ «Казахстанская правда» жаңа материалынан оқыңыз.

Толық материалды оқыңыз