Ғылыми әзірлемелер мен бизнес Алматыдағы Технологияларды коммерцияландыру реакторы — диалог алаңында біріктіріледі
Іс-шара 31 қазан күні сағат 14:00-де Алматы қаласында Сәтбаев университетінде
Алматы, 2023 жылғы 26 қазан
ҚР Ғылым қоры Satbayev University және Tech Garden брендімен жұмыс істейтін «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен бірлесіп, бір диалог алаңында ғылымды және бизнес – технологияларды коммерцияландыру реакторын жинайтын алдағы инновациялық іс-шара туралы хабарлайды.
Іс-шара 31 қазан күні сағат 14:00-де Алматы қаласында Сәтбаев университетінде, Сәтбаев көшесі, 22, ТМК корпусы, Д.Сүлеев атындағы ғылым және шығармашылық орталығы (акт залы) мекенжайы бойынша өтеді.
Осы іс-шараның басты тақырыбы жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми әзірлемелер болмақ. Технологияларды коммерцияландыру реакторы Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ғалымдарына нарықта оларды одан әрі коммерцияландыру жөнінде мәмілелер жасасу мақсатында бизнес-қоғамдастыққа, кәсіпкерлерге және әлеуетті инвесторларға өздерінің инновациялық идеялары мен әзірлемелерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Іс-шарада мынадай жобалар ұсынылады:
● Шығарылуы қиын қорлар үшін мұнай өндіруді арттыру технологиясы.
● Құрамында көмірсутегі бар қалдықтарды термиялық ыдырату әдісімен өңдеу жөніндегі қондырғылар.
● Көп өлшемді корреляциялық-регрессиялық талдауды пайдалана отырып, кен орындары мен кен жыныстарының болжамы.
● Геотехнологиялық және мұнай ұңғымаларын тазарту құрылғыларын енгізу.
● NOAH – ЗСБ-3D/4D электромагниттік зондтау әдісін қолдана отырып мұнай және газ кен орындарын су басу фронтының мониторингі.
● Өнеркәсіптік қалдықтарға негізделген биомелиорант өндірісі.
● Кенді материалдарды жұқа және өте жұқа ұнтақтауға арналған тиімділігі жоғары диірмен.
● Металдарды алуға арналған криоадсорбент.
● Жер қойнауын пайдаланумен ластанған Ағынды суларды хлорелла бактерияларымен, кавитациялық және инфрақызыл әсермен тазарту.
● Pollok – Машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, аумақтық және ұңғымалық геофизика деректерінің үлкен массивтерін кешенді өңдеу әдістемесі.
Іс-шараға республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының, мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, өнертапқыштар және бизнес өкілдері қатысады деп күтіледі.
Бұрын жүргізілген Технологияларды коммерцияландыру реакторларының деректері бойынша 63 ғылыми жобаның 31-і коммерцияландыру жолын сәтті аяқтады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
ҚР Ғылым қорының баспасөз қызметі:
+7 (701) 222 09 06 – Махаббат