Tech Garden GVA Alatau Fund LLC арқылы венчурлық инвестицияларды жаңартады

Орталық Азиядағы Индустрия 4.0 технологияларын дамыту жөніндегі жетекші инновациялық хаб – «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Тесһ Garden) - GVA Alatau Fund LLC венчурлік қорының қызметін қайта бастағаны туралы хабарлайды.

Баспасөз жаршысы

Қазақстан, Алматы қ.

27 қараша 2023 ж.


Tech Garden GVA Alatau Fund LLC қорының жарғылық капиталындағы үлесін 61,1 млн теңге көлемінде қаржыландырды. TechGarden-нің осы стратегиялық салымы Қордың аймақтағы инновациялар мен венчурлық инвестицияларды дамытудағы негізгі рөлін атап көрсетеді.

GVA Alatau Fund LLC венчурлық қоры Индустрия 4.0 технологияларын дамыту үшін өнеркәсіптік стартаптарды дамытуға бағытталатын болады. Бүгінгі таңда TechGarden Орталық Азиядағы өнеркәсіпті цифрландыру бойынша озық жобаларды қаржыландыруға белсенді қатысатын ірі қор болып табылады.

«Біз венчурлік қордың қызметін қайта бастау индустриялық стартаптардың өсуіне және озық технологияларды енгізуге ықпал ете отырып, 4.0 индустриясына жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Бұл біздің өңірдегі көшбасшылығымызды растау ғана емес, сонымен қатар орнықты даму бағытындағы маңызды қадам», — деп атап өтті «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының бас директоры Бауыржан Канкин.

Тағы да венчурлық инвестицияларға бағытталған GVA Alatau Fund LLC Орталық Азиядағы ең ірі портфельдің инвестицияларын қайтару рәсімін бастайды. Қор Қазақстандағы өнеркәсіптік стартаптар мен инновациялық кәсіпорындардың өсуі мен дамуына жәрдемдесе отырып, 4.0 индустриясын белсенді дамытатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін венчурлық қор StartUp Kazakhstan халықаралық акселерациялық бағдарламасы аясында 95 стартап қаржыландырған болатын.

Tech Garden туралы анықтамалық

Tech Garden — Tech Garden брендімен жұмыс істейтін «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорын Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылы құрды. Қор индустриялық, білім беру, ғылыми-зерттеу және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін біріктіретін Индустрия 4.0 инновациялық кластерін қалыптастырады.