Бизнес/жүйелік талдаушы

Жариялану күні:

15.03.2023

Бос орын жабылды

Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2-5 жыл.

Жұмыс кестесі: толық жұмыс күні.

Міндеттері:
— Тапсырыс берушінің бизнес-талаптарын талдау.
— Талаптарды ресімдеу және құжаттау: жобаны пайдаланушыларды анықтау; қол жеткізу құқықтарын анықтау; автоматтандыруға жататын процестерді бөлу бөлігінде жоба бойынша құжаттаманы зерделеу және жүйелеу; арнайы нотацияларды пайдалана отырып, пәндік саланың субъектілерін, өзара байланыстары мен процестерін сипаттау бойынша құжаттаманы дайындау.
— Бағдарламалық жасақтамаға қойылатын функционалдық талаптарды талдау.
— Техникалық тапсырма жазу.
— Жүйелерді әзірлеу кезіндегі тәуекелдерді талдау.
— Бағдарламалық жасақтаманы тестілеу.
— Жүйелерді әзірлеу кезінде қателіктердің пайда болу себептерін талдау.

Талаптар:
— АТ саласындағы жоғары немесе орта арнаулы білім.
— UX саласындағы білім.
— SQL сұрауларын құра білу және ДБ-мен жұмыс істеу.
— Мақсатты веб-шолғышты жасаушы құралымен жұмыс тәжірибесі.
— Бағдарламалық қамтамасыз етуді бағдарламалау (оның ішінде Объектіге бағдарланған), жобалау, әзірлеу, құжаттау негіздерін білу.
— Алгоритмдер теориясының негіздерін, мәліметтер базасының теориясын, жүйелер мен жүйелік талдау теориясын, Ақпарат қауіпсіздігінің негіздерін білу.

Үн қату
Барлық толтыруға міндетті өрістер