Smart Field-мұнай-газ компаниясының кен орнын цифрландыру
Tech Garden басшылығы «KAZPETROL GROUP» ЖШС өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Қызылорда облысында құрылатын Зияткерлік кен орнының тұжырымдамасы мен оны енгізу мәселелері талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Tech Garden сандық трансформация департаментінің командасы Индустрия 4.0 технологиялары енгізілетін кәсіпорын кен орындарына техникалық зерттеу жүргізген болатын.
Цифрлық кен орны-бұл алынған деректерді қабылдау және талдау үшін ыңғайлы түрде ұсынатын, компанияның барлық объектілерінен деректерді біріктіретін интеграцияланған платформа.
Tech Garden Сандық кеніш, сандық экология, сандық қосалқы станциялар және сандық кен орны сияқты жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар.
«KAZPETROL GROUP» ЖШС тауарлық мұнайды әрі қарай ішкі және сыртқы шикізат нарықтарына өткізумен, мұнай-газ кен орындарын іздеумен, барлаумен, игерумен және мұнай өндірумен айналысады. Компания Kusto Group халықаралық компаниялар тобының бір бөлігі болып табылады.
Басқа жаңалықтар
29
Қазан
Tech Garden Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады
06
Қазан
Tech Garden және Presight инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады
27
Қыркүйек