Мұнай-газ секторындағы инновациялық шешімдер
Tech Garden қазақстандық мұнай компаниясы — «Ембімұнайгаз» АҚ үшін технологиялық шешімдердің тұсаукесерін өткізді.
Технологиялық марафон бағдарламасы өнеркәсіптік кәсіпорынның талаптарына сәйкес әзірленді, сондықтан онлайн-кездесу келесі блоктарға бөлінді: экомониторинг, МКД тарату және зерттеу, электр энергетикасындағы сандық шешімдер, сондай-ақ бюджеттеу және сатып алудағы сандық шешімдер.
Технологиялық шешімдерді біздің резиденттер Smart Industry Management Platform (SIMP) платформасымен таныстырды — бұл Asia-Soft, Clinal, «АлатауЭнергоПроект» ЖШС, АЭжБУ, Blockchain & Big Data Lab.
«Ембімұнайгаз» АҚ — геологиялық барлауды, мұнай-газ кен орындарын игеруді, мұнай мен газды өндіру мен дайындауды жүзеге асыратын болашағы зор заманауи қазақстандық мұнай компаниясы. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласында және Атырау облысының 4 ауданында 6 өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді: «Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Ембімұнайэнерго» басқармасы және «өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жинақтау басқармасы» (ӨПТО және КО). Компания өндірілетін мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа жеткізеді.
Басқа жаңалықтар
22
Мамыр
Tech Garden технологиялық орталығы — Ииндустриалды даму орталығы — Оңтүстік Альберта Канада политехникалық институтының (SAIT) өкілімен кездесу өткізді.
20
Мамыр