Tech Garden сандық жобалары

Tech Garden алаңында «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі сараптамалық комиссияның отырысы өтті.

Кездесуде «KAZPETROL GROUP"ЖШС үшін жүзеге асырылып жатқан жоба қаралып, талқыланды. «ИТП» АК резиденті мұнай компаниясы үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі — Smart Field енгізуді жүзеге асырады.

«Цифрлық кен орны» технологиясы — бұл мұнай-газ кәсіпшілігін басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ол бытыраңқы жүйелерді бірыңғай интеграцияланған жүйеге интеграциялау есебінен оның барынша тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Цифрлық кен орны соңғы жылдары әлемдік көшбасшылар арасында елеулі танымалдылыққа ие болып келе жатқан жаңашылдық болып табылады, сондай-ақ бірқатар табысты компанияларда кеңінен қолданылады.

Басқа жаңалықтар

29

Қазан

Tech Garden Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады

«Біз қайғылы шығынға байланысты сіздің қайғы — қасіретіңізбен бөлісеміз», — Бауржан Канкин, «ПИТ» АКФ (Tech Garden) бас директоры

06

Қазан

Tech Garden және Presight инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Tech Garden басшылығының Алексей Буровпен кездесуі инновациялар үшін жаңа көкжиектер ашады

27

Қыркүйек

Tech Garden 13.0 технологиялық марафонының бірінші кезеңін сәтті аяқтады

Марафонды аяқтау Smart Industry Management Platform (SIMP) — отандық IT-шешімдердің платформа-супермаркетінде өздерінің цифрлық міндеттерін ұсынатын өнеркәсіптік кәсіпорындармен келісімшарттар жасасу мүмкіндігін қамтиды.