Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешені өкілдерінің халықаралық форматтағы бірінші кездесуі 2022 ж.

24 ақпанда Dragmet және Tech Garden асыл металдар өндірушілер қауымдастығының бастамасымен «Алтын өндіруші кәсіпорындарға арналған индустрия 4.0 технологиялары» тақырыбында Business Meeting Gold 4.0 өтті.

Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының өкілдері 2022 жылға арналған Индустрия 4.0 шешімдерін енгізу жоспарларын талқылады: «АК Алтыналмас» АҚ, «Полиметалл Евразия» ЖШС, «Каражал Оперейтинг» ЖШС, «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «Argo Resources» ЖШС, RG Gold ЖШС, «Балауса Фирма» ЖШС.

Ауқымды кездесу идеясы AMM2021 алаңында қол қойылған Dragmet қауымдастығы мен Tech Garden арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалғаннан кейін пайда болды. Іскерлік жиын барысында қауымдастыққа қатысушы кәсіпорындар, Tech Garden және қор серіктестері биылғы жылы жүзеге асыратын бірқатар жобалар белгіленді.

Құттықтау сөзімен Dragmet қауымдастығы бас директорының орынбасары Баитов Қанат, сонымен қатар Tech Garden бас директоры Асқар Сембин сөз сөйледі. Олар тау-кен металлургия өнеркәсібіне цифрлық құралдарды енгізу шығындарды азайту және еңбек өнімділігін арттыру арқылы өз кірістерін арттырып қана қоймай, дамудың жаңа технологиялық деңгейіне жетуге және нарықтық тауашаларды табуға, әлемдік құн тізбегіне интеграциялануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Конференцияның бірінші күнінің бағдарламасы аясында келесі панельдік сессиялар ұйымдастырылды:

  • Индустрия 4.0 шешімдер;
  • масштабтау құралдары;
  • жаһандық трендтер мен перспективалар;
  • ақылды инфрақұрылым.

Бұл ретте технологиялық шешімдердің тұсаукесері:

  • Sam G. Bose — IntelliSense.io негізін қалаушы — «Тау-кен өндірісінде жасанды интеллекттің жаһандық қолданылуы» тақырыбында;
  • Ренат Батыров — «Сколково» технопаркінің бас директоры — «Инновациялар синергетикасы — корпорациялар мен IT-компаниялар» тақырыбында;
  • Константин Кучумов — Zyfra Asia бас директоры — «ТМК кәсіпорындарын цифрландырудың әсері» тақырыбында;
  • Дарын Мұңсызбаев — «АК Алтыналмас» АҚ бас бизнес-кеңесшісі — «Тәжірибелік мысал: „АК Алтыналмас“ АҚ-да Индустрия 4.0 элементтерін енгізу» тақырыбы бойынша;
  • Tech Garden технологияларды дамыту орталықтары: IntelliSense-LAB; «Лаборатория BIM+»; Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар орталығы; Blockchain & Big Data Lab; Industrial Development Center;
  • Smart Industry Management Platform (SIMP) резиденттері — «Кар-Тел» ЖШС; «Prosoft-системы»; Asia Soft; Skymax Technologies; Alsi Asia және «Перспектива».

25 ақпанда іскерлік кездесудің екінші күні өтеді, онда Индустрия 4.0 бойынша білім беру курстары өтеді деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

29

Қазан

Tech Garden Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады

«Біз қайғылы шығынға байланысты сіздің қайғы — қасіретіңізбен бөлісеміз», — Бауржан Канкин, «ПИТ» АКФ (Tech Garden) бас директоры

06

Қазан

Tech Garden және Presight инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Tech Garden басшылығының Алексей Буровпен кездесуі инновациялар үшін жаңа көкжиектер ашады

27

Қыркүйек

Tech Garden 13.0 технологиялық марафонының бірінші кезеңін сәтті аяқтады

Марафонды аяқтау Smart Industry Management Platform (SIMP) — отандық IT-шешімдердің платформа-супермаркетінде өздерінің цифрлық міндеттерін ұсынатын өнеркәсіптік кәсіпорындармен келісімшарттар жасасу мүмкіндігін қамтиды.